#DUIS in the Aktobe region

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Полиция күнін салтанатты түрде атап өтті
Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Полиция күнін салтанатты түрде атап өтті

«23 маусым – Қазақстан полициясы күніне» орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде өткен салтанатты іс- шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты.

Саптық алаңға мемлекеттік ту әкелініп, әнұран шырқалып, ҚАЖД бастығы жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтағаннан соң, Ішкі істер органдарына алғаш рет қызметке қабылданған 8 жас қызметкер ресми түрде ант қабылдады.

Салтанатты шарада ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖД-нің марапаттау жайлы бұйрықтары оқылып, Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін әділет подполковнигі арнайы атағы атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғарылатып, Мұғалжар аудандық №2  пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Бауыржан Уразалинге, әділет майоры арнайы атағы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аға инспектор- кезекшісі әділет капитаны Мадияр Мұсабаевқа мерзімінен бұрын берілді.

Қылмыстық- атқару жүйесінің үздігі төсбелгісімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД кадр саясаты бөлімшесінің инспектор полиграфолог маманы әділет майоры Айнұр Табуктинова марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін, ҚР ІІМ-нің алғыс хатымен Айсұлу Айбасова, сондай- ақ, Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің алғыс хатымен әділет майоры Рахима Мендібаева марапатталды.

Жалпы мерекеге орай, «Мінсіз қызметі үшін» I дәрежелі медалімен 3 қызметкер марапатталса, «Мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі медалімен 15 қызметкер және «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалімен 19 қызметкер марапатталса, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының құқығымен 19 қызметкер алғыс хат алды.

Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлектеріне диплом және алғашқы арнаулы атағын табыстады.  

Новости
Дата публикации: 25.06.2021
Ақтөбеде темір тордан босаған 4 сотталғанның қоғамға бейімделуі үшін «қақпа алдында кездесті»
Ақтөбеде темір тордан босаған 4 сотталғанның қоғамға бейімделуі үшін «қақпа алдында кездесті»

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде қамаудан босаған сотталған азаматтардың қоғамға тез бейімделуі үшін алғашқы көмектерді көрсету мақсатында «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Әлеуметтік жобаның мақсаты – сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау, оларға әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмектер көрсету болып табылады»,- дейді КА-168/2 мекемесінің СЕжТО инспекторы Кәмшат Елтаева.

Жобаның аясында  іс-шараға қатысқан Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі және қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мекемеден босаған сотталған азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу,  оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректері, жұмыспен қамту, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарында есепке қою секілді т.б. толық мәліметтерді түсіндірді.

Айта кетейік, дәл осы күні аталған түзеу мекемесінен жаза өтеу мерзімінің аяқталуымен 4 сотталған азамат бостандыққа шықса, олардың біреуі қоғамдық жұмыс бойынша жазасын Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробаця қызметі есебінде тұрып, өтейтін болады.

Новости
Дата публикации: 05.06.2021
Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері мереке күні балаларға балмұздақ таратты
Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері мереке күні балаларға балмұздақ таратты

1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/3 мекемесі, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен «Тәтті балмұздақ» іс- шарасын ұйымдастырып, жақын аумақтағы тұрғын үй жатақханасының ауласында ойнап жүрген балаларға балмұздақтар таратты.

«Іс- шараның мақсаты – мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлап, оларды қуанту. Яғни, балалар үшін осы атаулы күннің ерекше қуанышқа толы өтуіне атсалысу.

Жалпы, балалар біздің – болашағымыз деп айтамыз. Ендеше, әр сәбидің қуанышты күлкісі біз үшін маңызды. Сондықтан, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен мекеме әкімшілігі жыл сайын балалар мерекесінде осындай ауызбіршілікпен балаларға арналған түрлі қызықты іс- шаралар ұйымдастырып, тәттілер таратуды дәстүрге айналдырып келеді»,- дейді КА-168/3 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Ұлжан Умарова.

Новости
Дата публикации: 03.06.2021
5 жылға сотталған Ақтөбе тұрғыны достарына теріс діни ағымды насихаттап келген
5 жылға сотталған Ақтөбе тұрғыны достарына теріс діни ағымды насихаттап келген

Жерлес достарына теріс діни ағымды насихаттап келген 31 жастағы ақтөбелік, жіберген қателігі үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұрын Сауд Арабиясының медициналық Ислам университетінде оқыған. Екі жыл бұрын 3 курс студенті туған қаласына жазғы демалысқа келіп, дөңгелек жөндеу ғимаратында діни сабақ жүргізуді сылтау етіп, достарына теріс діни ағымы жөнінде ашық түрде үгіт- насихат жүргізген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

 «Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы «Ақниет» қоғамдық қоры және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары, мешіт имамдары аталған сотталғанмен оңалтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Тулегенов.

Новости
Дата публикации: 01.06.2021
Ақтөбе тұрғыны телефонды ішкиіміне жасырып, тергеу- қамауында отырған ұлына жеткізбек болды
Ақтөбе тұрғыны телефонды ішкиіміне жасырып, тергеу- қамауында отырған ұлына жеткізбек болды

Оның сәлемдемесі асап көп мөлшерде есірткі қолданғаны үшін ұсталған айыпталушы 32 жастағы ұлына арналған. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері азаматшаның құқық бұзушылығын дер кезінде байқап, тексеру кезінде металл іздегіш арқылы ұялы телефон, зарядтау құрылғысы мен сим-картаны тіркеді.


«Мекеме әкімшілігі мекемеге келушілерге тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы бірнеше рет ескертуде. Бірақ, осыған қарамастан, сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған азаматтардың туыстары пенитенциарлық мекеменің заңды талаптарын бұзуды жалғастыруда», - деп атап өтті КА-168/1 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Аршат Бурабаев.

Жазбаша түсініктемесінде азамат өзінің кінәсін толық мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сондай-ақ, әйел 1 жыл бойы ұлына барып, кездесу мүмкіндігінен айырылады.

Новости
Дата публикации: 27.05.2021
2021 жылға Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) топ қатысушылары және Қоғамдық бақылау комиссия (ҚБК) мүшелері туралы
2021 жылға Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) топ қатысушылары және Қоғамдық бақылау комиссия (ҚБК) мүшелері туралы

2021 жылға Ақтөбе облысы бойынша ҰАТ топ қатысушылар құрамы:

ҰАТ топ басшысы – Нурпейсова Асия Акдаулетовна

ҰАТ топ басшысының орынбасары - Исхакова Наталья Федоровна

ҰАТ қатысушылары:

  1. Гольцварт Ирина Александровна
  2. Ельтежин Талгат Аскарович
  3. Идигеева Гулнур Ергазиевна
  4. Искакова Айгерим Набиевна

2021 жылға Ақтөбе облысы бойынша ҚБК құрамы:

ҚБК төрағасы  – Канатов Бактыгул Толегенович

ҚБК мүшелері:

  1. Нурбаев Самат Актасбаевич
  2. Бердибеков Ерболат Жайлаубаевич
  3. Қанкелді Сағындық Егінбайұлы
  4. Балапанов Даулет Ибрагимұлы
  5. Сейтмахамбетов Султанахмет Нурмахамбет
  6. Досов Аманкельды Урунбасарович
Новости
Дата публикации: 05.05.2021
Ақтөбеде сотталған азаматтар хоккейден жолдастық кездесу ойынына қатысты
Ақтөбеде сотталған азаматтар хоккейден жолдастық кездесу ойынына қатысты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды Алтықарасу ауылдық округінде өткен хоккей ойынына қатыстырды.

Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған жолдастық кездесуге ауыл жастары мен Шұбарқұдық спорт мектебінің қызметкерлері де қатысты.

«Аталған спорттық іс- шара Пробация қызметінің Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен 2021 жылға бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары аясында, сонымен қатар «Алтықарасу хоккей кортының» ашылуына орай ұйымдастырылды.

3 команда қатысқан хоккейден жолдастық кездесу ойыны «Спорт —денсаулық кепілі» тақырыбына арналды. Жолдастық ойынға қатысуда белсенділік танытып, шебер ойынымен ерекшеленген есепте тұрған азаматтар мен ауданның ерікті жастары аудан әкімінің орынбасарының және Хоккей спорт мектебі директорының қолынан мақтау қағаздармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жалпы, мұндай іс- шаралардың есепте тұрған азаматтардың қоғамға тез бейімделуі үшін маңызы зор,- дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Ренат Жұмабаев. 

Новости
Дата публикации: 31.01.2021
Учаскелік инспекторды балағаттағаны үшін көшені қардан тазалап жүр
Учаскелік инспекторды балағаттағаны үшін көшені қардан тазалап жүр

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 35 жастағы сотталған азамат учаскелік инспекторды балағаттап, билік өкіліне қол жұмсағаны үшін күніне 8 сағаттан қоғамдық жұмыстарды атқарып, көшені қардан тазалап жүр.

Құқықбұзушылық жағдайы төмендегідей орын алған: күндіз түс әлетінде үйіне мас күйінде оралған Ақтөбе қаласының тұрғыны Е. жұбайын ұрып-соғады. Күйеуінен жәбір көрген әйелі бұл туралы туыстарына телефон арқылы хабарлап, көмек сұрайды. Туыстары одан әрі полиция қызметкерлеріне хабарласады.

Шақырту бойынша мекен жайға келген учаскелік полиция инспекторлары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін алдымен ішімдік ішкен азаматтың жұбайымен сұхбаттасып, одан кейін азаматтың өзіне одан «мастық күй фактісін» анықтау және хаттама толтыру үшін полиция бөліміне баруы керектігін айтады. Осы мезетте ішімдік ішкен азамат Е. учаскелік полиция инспекторларына бағынбай, оларды балағаттап, қолына түскен жіңішке темірді полиция қызметкерлеріне сермеу арқылы күш қолданып, қарсылық көрсетеді.

Сот отырысында Ақтөбе қаласының тұрғыны Е. өз кінәсін толық мойындап, ҚР ҚК-нің 378 бабының 1 бөлігі, 380 бабының 1 бөлігімен Сот белгілеп берген 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылу бойынша сот үкімі қабылданады.

Қазіргі таңда өз ісіне өкінетінін мойындайтын сотталған Е. Астана аудандық пробация қызметкерлерінің бақылауымен қалалық әкімдік белгілеп берген аумақтарда көшені қардан тазалап жүр.

«Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 21 сотталған азамат заң бұзғандары үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Бұл азаматтар Астана ауданы әкімдігі белгілеп берген қоғамдық орындарда белгілі бір біліктілікті талап етпейтін көшені қардан тазалау, қоғамдық орындарды тазалау секілді қоғамдық жұмыстарды орындап келеді,– дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов. 

Новости
Дата публикации: 28.01.2021
Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады⠀
Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады⠀

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы түзеу мекемесінің қарауылдық күзетін абыроймен атқарып, әскери қызмет мерзімін аяқтаған Ұлттық Ұлан 6655 1-ші атқыштар ротасының сарбаздарын алғыс хаттармен марапаттады.⠀

⠀

Әскери борышын орындау үшін КА-168/2 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне 55 сарбаз қызметке түсті.⠀

⠀

ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Дулат Жумагелдин, тәртіп сақшыларын қызметтерінің аяқталуымен құттықтап, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің атынан алғыс білдірді:⠀

⠀

«Түзеу мекемелеріндегі тыныштықты қорғайтын жауынгерлердің еңбегі баға жетпес. Бұл өте қиын жұмыс, ол ерекше шыдамдылықты, қырағылықты, батылдықты қажет етеді және сіздер бұл қызметті абыроймен атқарып шықтыңыздар. Осындай қиын да, жауапты қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарған Сіздердің алдағы күндері Отан алдындағы серттеріңізге адал болатындарыңызға сенімдімін!»⠀

⠀

Бұдан кейін КА-168/2 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қанат Мақатов, мекеме бастығының атынан сарбаздарды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.⠀

⠀

«Түзеу мекемесіне қарауылға түскен кезде командирлеріміз бізді психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен өзім, әскерде түзеу мекемесіне қарауылдық қызметке түскеніме өкінбеймін. Бұл жерде мен жауапкершілікті, батылдықты, адалдық пен өмірдің құндылығын үйрендім»,- деп бөлісті 1-ші атқыштар ротасының сарбазы Мұстафа Исмаил.⠀

Новости
Дата публикации: 28.01.2021
Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталды
Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында "тонау" бабы бойынша сотталған 30 жасар ақтөбелік азаматтың пробация инспекторына пара ұсыну дерегінің жолы кесілді.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Альбина Ирмағамбетованың айтуынша, пара ұсынған сотталған азамат бұған дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып келген, яғни бұрын жасаған қылмысы үшін сот белгілеген міндеттерді орындамаған. Дегенмен, жоғарыда айтылған заңсыз әрекеттерді "жасыру " үшін, сондай-ақ өзін бас бостандығынан айырмау мақсатында сотталған пробация қызметкеріне 30 000 теңге сомасында пара бергісі келген.

- Жауап алу барысында сотталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оның іс- әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы расталған жағдайда, сот жазаны одан әрі өтеу туралы шешім қабылдайтын болады, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев.

Новости
Дата публикации: 28.01.2021
  • 1
  • 2